Олимпиада-2026: алғашқы жарыстарда қазақстандық шаңғышылар қандай нәтиже көрсетті

Лыжи, Лыжницы, снег
Фото: НОК

Астана уақытымен 17:00-де басталған скиатлон жарыстары аяқталды, деп хабарлайды CMN.KZ. Әйелдер арасындағы 10×10 км скиатлон жарысы 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары аясындағы шаңғы жарыстарынан өткен алғашқы бәсеке болды. Олимпиада Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатыр.

Қазақстан құрамасынан бұл жарысқа Ксения Шалыгина мен Надежда Степашкина қатысты.

Нәтижесінде Ксения Шалыгина 53-орынды, ал Надежда Степашкина 60-орынды иеленді.

Жүлделі үштікті мыналар құрады:

  • швециялық Фрида Карлссон,

  • швециялық Эбба Андерссон,

  • норвегиялық Хейди Венг.

Астана уақытымен 20:00-де Олимпиадада конькимен жүгіру жарыстары басталады. Бұл сайыста Қазақстан намысын Надежда Морозова мен Елизавета Голубева қорғайды.

Ал 8 ақпанда қазақстандық спортшылар ерлер арасындағы скиатлонда және биатлоннан аралас эстафетада өнер көрсетеді.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска