Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді, бірақ журналистермен сөйлеспеді

Токаев поздравил Назарбаева с 85-летием
Фото с официального сайта первого президента РК

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Конституция жобасына қатысты референдумда дауыс берді, деп хабарлайды CMN.KZ

Ол дауысын Астанадағы «Астана Опера» ғимаратында орналасқан № 228 сайлау учаскесінде берді.

Бұл жолы экс-президент журналистердің сұрақтарына жауап бермей, тек қол бұлғап, дауыс беру орнынан кетіп қалған.

Еске салайық, 2024 жылдың қазанында Қазақстанда АЭС құрылысына қатысты өткен референдум кезінде де Нұрсұлтан Назарбаев БАҚ сұрақтарына жауап бермеген еді. Алайда сол кезде ол жиналғандарға амандасып, сәттілік пен бақыт тілеген болатын.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска