Нұрлан Сабыровтың ісі ҰҚК қарауына берілуі мүмкін

Нурлан Сабуров, Война в Украине, мотоциклы
Фото: скриншот видео

Стендап-комик Нурлан Сабуровтың «Вагнер легионының» жауынгерлеріне 10 эндуро мотоциклін тапсырғаны туралы тараған даулы бейнежазба құқықтық баға беруді қажет етеді. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев мәлімдеді, деп хабарлайды CMN.KZ

Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап берген ол прокуратура шетелдік органдардың шешімдеріне түсініктеме бере алмайтынын, алайда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мәліметтер тексерілуге тиіс екенін айтты.

«Біз шетелдік органдардың шешімдеріне пікір білдіре алмаймыз. БАҚ-та жарияланған ақпарат зерделеуді қажет етеді. Бұл 170-бапқа қатысты болуы мүмкін деп айтылып жатыр – ол көбірек ҰҚК құзыретіне жатады», – деді Қойгелдиев.

Әңгіме Қылмыстық кодекстің жалдамалылыққа қатысты бабына байланысты болуы мүмкін. Аталған бап ауыр жауапкершілікті көздейді.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска