Нұрлан Сабыров Ресейге кіруге тыйым салынғаннан кейін Внуково әуежайында перформанс жасады

сабуров
Фото: социальные сети

Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынған қазақстандық комик Нұрлан Сабыров Мәскеудегі Внуково әуежайында күтпеген перформанс ұйымдастырды, деп хабарлайды CMN.KZ

Алдымен әзілкеш ұшақ билетін алуға ақшасы жоқ екенін айтып, бірнеше сағат бойы терминалда жүрген. Ол осы арқылы жолаушылар мен әуежай қызметкерлерінің назарын өзіне аударған.

Кейінірек Сабыровты Дубайға тегін депортациялау мүмкіндігі бар екені белгілі болды. Алайда бұл нұсқа қолына кісен салынып ұшуды талап еткен. Комик мұндай шарттан бас тартып, жедел түрде билетке қаражат тауып, Алматыға ұшып кеткен.

сабуров
Фото: социальные сети

Оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска