Президенттің сынынан кейін жергілікті полиция басшылығында ауқымды өзгерістер болды. Департамент басшысы мен оның орынбасары қызметтен босатылды. Енді құқық қорғау органдары қызметкерлеріне салғырттық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды CMN.KZ
Қазіргі уақытта Шымкент қалалық Полиция департаментінде не болып жатқанын Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов түсіндірді.
«Ішкі тексеріс қорытындысы бойынша қылмысты уақтылы тіркемеген және некеге мәжбүрлеу фактісі бойынша кінәлілерді жауапкершілікке тартпаған полицейлерге қатысты қылмыстық істер қозғалды», – деді ол.
Тергеуді ҚР ІІМ-нің Өзіндік қауіпсіздік департаменті жүргізіп жатыр.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз