Нұрайдың өлімі: ІІМ экс-полицейдің түсірілген видеоны жариялауына қатысты пікір білдірді

Нурай
Коллаж: CMN.KZ

CMN.KZ тілшісінің экс-құқық қорғау қызметкерінің әрекеттері қаншалықты заңды деген сұрағына жауап берген Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха бұл жағдайға құқықтық баға берілетінін айтты

Бұған дейін желіде Нұрай Серікбайдың өзі күдіктінің үйіне өз еркімен барғанын айтатын видео тараған болатын. Кадрларды заңгер Айгүл Орынбекке Шымкенттен жұмыстан шығарылған полицей ұсынған.

«Оның бұлай істеуге (бейнежазбаларды беруге – ред.) құқығы болған жоқ», – деп түсіндірді Лепеха.

Сондай-ақ ол қызметтен босатылған полицейлерге қатысты салғырттық дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын еске салды.

Еске салайық, 21 жастағы Нұрай Серікбай 2025 жылғы 11 қаңтарда Шымкентте пышақтан алған көптеген жарақат салдарынан көз жұмды. Қылмысқа басты күдікті ретінде бұған дейін қызды сөз салып жүрген, алайда кейін Нұрай қарым-қатынасты жалғастырудан бас тартқан жас жігіт танылды.

 

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска