Нұрай Серікбай ісі бойынша некеге мәжбүрлеу бабы қозғалды

Нұрай Серікбай ісі бойынша некеге мәжбүрлеу бабы қозғалды

Тергеу «Некеге тұруға мәжбүрлеу» бабы бойынша жеке қылмыстық іс тіркеді. Бұл туралы марқұмның отбасының адвокаты хабарлады, деп жазады CMN.KZ

Аянхан Омаровтың айтуынша, қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 125-1-бабы бойынша қозғалған. Оның сөзінше, іс ерекше бақылауға алынған, сондай-ақ қалаға Ішкі істер министрлігінен арнайы комиссия келген.

«Нұрай Серікбай ісі бойынша Қылмыстық кодекстің 125-1-бабы – некеге тұруға мәжбүрлеу бойынша қылмыстық іс тіркелді. Бүкіл елді дүр сілкіндірген бұл іс мемлекет басшысының тікелей бақылауында», – деп жазды адвокат.

Омаровтың мәліметінше, қазіргі уақытта ІІМ тарапынан арнайы комиссия жіберіліп, тәжірибелі полиция қызметкерлерінен құралған жедел-тергеу тобы құрылған.

«Бұл іс бойынша жан-жақты әрі толық тергеу қамтамасыз етілетініне, ал тергеу әділ әрі сапалы өтетініне сенімдімін», – деп жазды ол Threads желісіндегі жазбасында.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска