"Нобелевка" үшін тартыс: неге Трамп ең беделді Бейбітшілік сыйлығын ала алмайды

Дональд Трамп
Фото: facebook.com/WhiteHouse

АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін өзі тоқтаттым деп есептейтін әрбір қақтығыс үшін Нобель бейбітшілік сыйлығын алуым керек деген мәлімдеме жасаған. Алайда бұл тілегі орындалмайтын сияқты, деп хабарлайды CMN.KZ.

Америкалық көшбасшы бұл сөзін АҚШ-тың мұнай-газ компанияларының басшыларымен өткен кездесуде айтқан.

«Менің айтқым келгені – тоқтатылған әрбір соғыс үшін Нобель сыйлығын алу керек», – деді Трамп. Сондай-ақ ол тарихта бұл марапатқа өзінен артық лайық адам жоқ екенін атап өтті.

Бұған дейін Дональд Трамп «жалғыз өзі» сегіз соғысты тоқтаттым деп мәлімдеп, Норвегияның оған Нобель бейбітшілік сыйлығын бермеуін «ақымақтық» деп атаған.

Трамп
Фото: truthsocial/realDonaldTrump

6 қаңтарда Венесуэла оппозициясының көшбасшысы Мария Корина Мачадо елге жасалған шабуылдан кейін Трампқа 2025 жылы өзі алған Нобель бейбітшілік сыйлығын беруге дайын екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, марапатты алған сәтте-ақ оны АҚШ президентіне арнаған, себебі «ол бұл сыйлыққа лайық» деп санаған.

Алайда Норвегиядағы Нобель комитеті бұл мәлімдемеге қатысты нақты жауап берді.

«Нобель сыйлығы тағайындалғаннан кейін оны қайтарып алу, бөлу немесе басқа адамға беру мүмкін емес. Бұл шешім түпкілікті және әрқашан күшінде қалады», – делінген комитеттің хабарламасында.

Еске салайық, 2026 жылдың 3 қаңтарында Венесуэлада бірқатар жарылыстар болған. Ел билігі мұны АҚШ-тың агрессиясы деп бағаласа, Дональд Трамп Николас Мадуроның тұтқындалғанын мәлімдеген еді.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска