Неге қазақстандықтарға АҚШ визасы жиі берілмей жатыр?

Пошлины США на импорт из Казахстана: американский рынок слишком привлекателен, чтобы от него отказываться?
Фото: акимат Алматы

Қазақстандықтарға АҚШ визасынан бас тарту жағдайлары жиілеп барады. Бұл үрдіс білім беру бағдарламаларына да әсер етіп отыр, деп хабарлайды CMN.KZ

Бұл туралы Үкіметтегі баспасөз конференциясында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. Оның айтуынша, мәселе талапкерлер санына емес, АҚШ-тың визалық саясатының қатаңдауына байланысты.

«“Болашақ” бағдарламасының іріктеуінен өтіп, университеттерден шақырту алған қатысушылардың шамамен 30%-ы АҚШ визасынан бас тарту алады. Мұндай жағдайда студенттерді басқа елдерге бағыттауға тура келеді», – деді министр.

Оның айтуынша, бұл үрдіс күшейіп келеді.

«Қабылдау көлемі қысқарып жатыр. Сонымен қатар халықаралық жағдай да әсер етуде», – деп толықтырды Нұрбек.

Министрдің сөзінше, Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі аясында Қазақстанға ауысып келетін студенттер саны да артып отыр – олардың арасында шетелдіктер де бар.

АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін миграциялық саясатты қатаңдату және бірқатар елдер үшін виза беруді шектеу туралы бірнеше рет мәлімдеген.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай шаралар шетелдік студенттердің америкалық университеттерде білім алу мүмкіндігін айтарлықтай шектеуі мүмкін.

Айта кетейік, 2025 жылдың соңында АҚШ билігі иммиграциялық визалар беруді және Green Card бағдарламасын уақытша тоқтатқан болатын. 2026 жылы бағдарлама қайта іске қосылғанымен, жаңа талаптар енгізіліп, өтініш берушілерге тексеріс күшейтілген.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска