Назарбаевтың немересі "ағартушылыққа апарар жолды" тапқанын айтты

Нурали Алиев
Фото: sparkofsouls.com

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен немересі, Дариға Назарбаеваның ұлы Нұрали Әлиев жуырда 41 жасқа толған туған күнін дүркіретіп атап өтіп, қазақстандықтарды тосын мәлімдемесімен таңғалдырды, деп хабарлайды CMN.KZ.

Әлиевтің Instagram желісіндегі ресми парақшасында бір тәулік бұрын жарияланған видеодан оның дәл осы мерекелік кеште өзінің ерекше жобасын – Spark of light («Жарық ұшқыны») жобасын іске қосқанын жариялағанын көруге болады.

Айта кетейік, кеш барысында бұл жобаның «пасхалкасы» да болған: туған күн тортында шамдармен қатар дәл осы атау жазылған.

Ал жобаның мәні неде? Бұл туралы Нұрали Әлиев жобаны таныстыру кезінде өзі түсіндірді.

«2026 және 2027 жылдар біз үшін оқиғаларымен емес, ішкі өзгерістерімізбен есте қалатын жылдар болады. Бұл – адамзаттың, адам санасының ұлы бетбұрысы. 3D-санадан 5D-санасына өту, қорқыныштан махаббатқа, бөлінуден бірлікке, аман қалудан жаратушылыққа, ұмытудан еске түсіруге көшу», – деді Әлиев.

Оның айтуынша, бұл өзгерістерге тек түрленуге, сенім мен ықыласқа дайын жандардың рухы ғана бара алады. Ал өзінің миссиясын ол адамдарды көтеру, олардың санасын биіктету деп санайды.

Нурали Алиев
Фото: Instagram/imnurali

«Жүрегіммен айтқым келеді: бүгінгі күн – “Жарық ұшқынының” іске қосылған сәті. Бұл жай ғана топ немесе қауымдастық емес, дәл осы жерде, сіздермен бірге дүниеге келген тірі сана өрісі», – деп қосты Әлиев.

Жобаның ресми сайты бар, онда оның мақсаттары егжей-тегжейлі жазылған, сондай-ақ серіктестері де көрсетілген.

Нурали Алиев
Фото: sparkofsouls.com

Бұған дейін Нұрали Әлиев Австрияда түсірілген триатлон туралы фильмге де түскен болатын.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска