Қазақстан мұсылмандарының рухани көшбасшысы Наурызбай қажы Тағанұлы екінші рет Бас мүфти болып сайланды. Бұл туралы 26 желтоқсан күні Астанада өткен X құрылтайда мәлімделді, деп хабарлайды CMN.KZ.

Құрылтай барысында 300-ге жуық делегат Наурызбай қажы Тағанұлының кандидатурасын бірауыздан қолдады.

«Сенімдеріңізді ақтау үшін барымды саламын. Алда бізді маңызды шаралар күтуде. Мәселен, 2025 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының дербес мүфтият ретінде құрылғанына 35 жыл толады. Осы мерейтой аясында баршаңызды бірлесіп, жоспарланған игі істерге белсенді қатысуға шақырамын», – деді Бас мүфти.

Айта кетейік, Наурызбай қажы Тағанұлы 2020 жылдың 7 ақпанында алғаш рет Бас мүфти болып сайланған болатын. Бұл жолы ол осы мәртебелі лауазымға екінші рет ие болып отыр.

Share.

Leave A Reply

Exit mobile version