Астанада Наурыз мерекесі аясында ауқымды дрон-шоу өтеді, деп хабарлайды CMN.KZ
Жарық шоуы 21 наурыз күні сағат 20:00-ден 21:00-ге дейін елордадағы «Қазақ Елі» алаңындаұйымдастырылады.
Шара барысында аспан үлкен экранға айналып, дрондардың көмегімен жарықтандырылған анимациялық көріністер көрсетіледі. Ұйымдастырушылар қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін бейнелейтін ұлттық символдар ұсынылатынын айтады.
Дрон-шоу Наурыз мерекесіне арналған ауқымды бағдарламаның бір бөлігі болады. Қалада Наурызнама онкүндігіаясында 200-ден астам іс-шара – концерттер, ұлттық ойындар, жәрмеңкелер мен шеберлік сабақтары өтуде.
Ұйымдастырушылар бұл шоу мерекенің ең жарқын әрі есте қаларлық сәттерінің біріне айналады деп күтуде.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз