Наурыз мейрамы қарсаңында Қазақстанда қосымша 160 ішкі әуе рейсі іске қосылды, деп хабарлайды CMN.KZ
Көлік министрлігінің мәліметінше, Air Astana және FlyArystan компаниялар тобы 16–29 наурыз аралығында ел ішіндегі ең сұранысқа ие бағыттар бойынша 146 қосымша рейс жоспарлаған. Оның 80-і Алматы – Астана бағытына тиесілі.
Сондай-ақ қосымша рейстер Алматы, Астана және Ақтау қалаларынан мына бағыттарға орындалады:
-
Ақтөбе
-
Шымкент
-
Түркістан
-
Қарағанды
-
Қостанай
-
Семей
-
Ақтау
-
Атырау
-
Өскемен
-
Орал
Ал SCAT әуе компаниясы 19–21 наурыз аралығында:
-
Алматы – Астана бағыты бойынша 5 рейс;
-
Шымкент – Ақтау бағыты бойынша 1 рейс орындайды.
Бұдан бөлек, 23–26 наурыз күндері:
-
Алматы – Астана бағытына тағы 4 рейс;
-
Шымкент – Астана және Ақтау – Астана бағыттарына бір-бір рейстен жоспарланған.
Жолаушыларға қосымша рейстер мен билеттердің қолжетімділігі туралы ақпаратты әуе компаниялардың ресми сайттарынан алдын ала тексеріп, сапарды ертерек жоспарлау ұсынылады.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз