АҚШ-тың Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасының (NASA) басшысы Джаред Айзекман Қазақстанға келуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды CMN.KZ
ТАСС агенттігінің жазуынша, ол шілде айында Байқоңыр ғарыш айлағы аумағынан жүзеге асатын «Союз» кемесінің пилоттық ұшырылымына қатыспақ.
NASA өкілдерінің мәліметінше, бұл миссия аясында америкалық астронавт Анил Менон алғаш рет Халықаралық ғарыш станциясына аттанады. Ол «Союз МС-29» кемесімен ресейлік ғарышкерлер Пётр Дубров және Анна Кикинамен бірге ұшады.
Ведомствоның хабарлауынша, Айзекман сапар барысында ғарыш саласындағы халықаралық серіктестермен кездесулерін жалғастырады.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз