"Мұнай қымбаттаса – теңге нығаяды": Ұлттық банк басшысы доллардың арзандауын түсіндірді

600 тенге за доллар не прогнозируем — министр нацэкономики
Фото: Freepik

Қазақстанда доллар бағамының төмендеуі теңгенің нығаюымен байланысты. Оның себебін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Мәжіліс кулуарында түсіндірді, деп хабарлайды CMN.KZ

Оның айтуынша, негізгі фактор – мұнай бағасының өсуі.

«Қазақстанның басты экспорттық өнімі – мұнай. Баға өсіп жатыр, ал көлем өзгеріссіз. Соның нәтижесінде экспорттық түсім артады», – деді Сүлейменов.

Ұлттық банк басшысы дәл осы валюталық түсімнің көбеюі теңгенің нығаюына әсер ететінін атап өтті.

Журналистер сондай-ақ валюта бағамының ауытқуына байланысты Ұлттық қор шығынға ұшырады ма және долларда ақша сақтап отырған азаматтарға не істеу керек деген сұрақ қойды.

Сүлейменовтің сөзінше, бұл жағдайда шығын туралы айту дұрыс емес.

«Ұлттық қор шығынға ұшырайды немесе ұшырамайды деп айтуға болмайды. Себебі оның валюталық бөлігі доллармен есептеледі және қайта есептелмейді», – деді ол.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска