Мұғалім күдікке ілінді: Шымкентте жеті жастағы қызға қатысты іс тергеліп жатыр

насилие
фото: UNICEF

Шымкентте жеті жастағы қызға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттері фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды CMN.KZ.

Анасының айтуынша, қылмысқа баланың мұғалімі күдікті.

Әйелдің сөзінше, қызы мектептен үйге көңілсіз оралып, денесінің ауырғанын айтқан. Кейінірек ол 36 жастағы мұғалімнің оны күштеп тізесіне отырғызып, жіберу туралы өтінішін елемей, әдепсіз әрекеттер жасағанын айтқан.

Полиция қылмыстық іс қозғады.

«Құқыққа қайшы әрекет жасады деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталып, бөлімшеге жеткізілді», – деп мәлімдеді Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта тергеу-жедел тобы оқиғаның барлық мән-жайын толық әрі объективті анықтау үшін кешенді шаралар жүргізіп жатыр. Бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп, ықтимал куәгерлерден жауап алынуда және ұсынылған уәждердің барлығы тексерілуде.

Полиция бұл іс департамент басшылығының ерекше бақылауында екенін атап өтті. Барлық процессуалдық әрекеттер заң талаптарына сәйкес жүргізілуде.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска