Павлодарда мысықты құтқармақ болған ер адам ағаштан құлап, көз жұмды, деп хабарлайды CMN.KZ
Оқиға қаланың Орталық өнеркәсіп аймағында болған. 50 жастағы тұрғын шамамен алты метр биіктіктегі ағашқа шығып, мысықты түсірмек болған кезде құлап кеткен.
Бұл ақпаратты Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы растады.
Дәрігерлердің айтуынша, жедел жәрдем қызметі зардап шегушіні № 1 қалалық ауруханаға жеткізген. Оған көптеген сүйек сынуы мен ішкі ағзалардың зақымдануы, травматикалық және геморрагиялық шок диагнозы қойылған.
Дәрігерлер барлық қажетті көмекті көрсеткенімен, ер адамды аман алып қалу мүмкін болмаған. Алған жарақаттары өмірге қауіпті болған.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз