Манкентте жүк пойызы мүгедек ер адамды қағып кетті

Инвалид попал под поезд в Туркестанской области: мужчине ампутировали обе ноги
Фото: freepik

Түркістан облысында жүк пойызы 37 жастағы екінші топтағы мүгедекке соғылып, салдарынан ер адамның екі аяғы тізеден жоғары ампутацияланды, деп хабарлайды CMN.KZ.

Оқиға 12 желтоқсан күні Манкент станциясында болған. Жүк пойызының астына түскен ер адам психиатриялық есепте тұрғаны анықталды. Жарақат алған тұрғын бірден ауруханаға жеткізіліп, екі аяғы кесілді.

Еске салсақ, 10 желтоқсанда Алматыда «Абай» метро станциясында көзі көрмейтін 26 жастағы жігіт рельске құлап, қайтыс болды. Аталған қайғылы оқиға бейнежазбаға түсіп, әлеуметтік желіде тарады.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска