Маңғыстаудағы шатқал әлемдегі міндетті түрде бару керек 10 шөлдің қатарына енді

Бозжыринский тракт на плато Устюрт
Фото: Denys Shapovalov/iStockphoto

Британдық The Telegraph басылымы тревел-журналист әрі фотограф Сара Маршалл жасаған әлемдегі баруға міндетті 10 шөл тізімін жариялады, деп хабарлайды CMN.KZ.

Сара Маршалл 25 жыл бойы Солтүстік Еуропа, Африка және Оңтүстік Америка елдерінде жұмыс істеген. Сонымен қатар PA Media агенттігінде саяхат бөлімінің редакторы болған. Қазір ол полярлық аймақтарда экспедициялық кемелерде гид болып қызмет атқарады.

Маршалл тізіміне Сахара, Атакама, Намиб, Антарктида, Вади-Рам, Калахари, Гоби, Колорадо үстірті, Маңғыстау және Руб-эль-Хали шөлдері енген.

Журналист Үстірт үстіртіндегі Бозжыра шатқалы туралы ерекше атап өткен. Оның жазуынша, мұндағы борлы мұнаралар, жартастар мен әктас иірімдері мұхит түбінде не жасырынғанын көзбен көруге мүмкіндік береді.

«Каспий теңізі жағалауындағы бұл көркем әрі жабайы аймаққа мұнайлы астана Ақтаудан жол талғамайтын көлікпен ойқы-шойқы жол арқылы ғана жетуге болады. Туризмді дамыту жоспарланып отыр: үкімет теміржол станцияларын, жаңа әуежайды және бірқатар курорттарды салуға инвестиция құюда», – деп жазады Маршалл.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска