Маңғыстауда Роналдо дүниеге келді: сәбиге аңызға айналған футболшының есімі берілді

роналду
Фото: видеодан кадр

Маңғыстау облысында ата-анасы жаңа туған ұлына ерекше есім берді – баланың аты Роналдо. Сәби атақты футболшы Криштиану Роналдудың құрметіне аталған, деп хабарлайды CMN.KZ

Бейнежазбадан байқалғандай, есім таңдау кездейсоқ емес: отбасы португалиялық шабуылшының жанкүйері әрі оны күш-жігердің, еңбекқорлық пен мақсатқа жетудегі табандылықтың үлгісі деп санайды. Ата-анасы осы қасиеттер баласына да дарысын деп тілейді – әзірге есімі арқылы болса да.

Бұл оқиға әлеуметтік желілерде тез тарап, қызу талқылауға себеп болды. Бірі ата-ананың батыл шешімін қолдаса, енді бірі әзілдеп, енді сәбиге атына сай әйгілі футболшы болу «міндет» деп жазды.

Баланың толық аты-жөні – Ұразалы Роналдо Мерейұлы.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска