Жол апаты 16 қаңтарға қараған түні Маңғыстау облысында KZ-11 «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автожолының 383-шақырымында болған, деп хабарлайды CMN.KZ
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Yutong маркалы автобустың жүргізушісі Ақтаудан Бейнеу ауылына қарай бағыт алып бара жатып, рульге ие бола алмай қалған.
«Оқиға орнында төрт адам көз жұмды, тағы 42 жолаушы түрлі дене жарақатын алды. Олардың 17-сі ауруханаға жатқызылды, қалғандары амбулаториялық емдеуге жіберілді», – деп хабарлады Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жол-көлік оқиғасы кезінде автобус тізгінінде 1985 жылы туған жүргізуші болған.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз