5 желтоқсан күні Маңғыстау облысы әкімдігі ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам ауруханада көз жұмды. Ол әкіммен кездесу мүмкіндігі болмаған соң осындай қадамға барған, деп хабарлайды CMN.KZ.
18 желтоқсан таңертең ер адамның қазасы туралы ақпарат жарияланды. Алайда Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы мен аурухана бұл жағдайға қатысты түсініктеме бермеді.
5 желтоқсан күні ер адам әкімдік ғимаратынан шығып, өзіне жанғыш сұйықтықты құйып, от қойған. Оқиға алдында оған азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдау жүргізілмейтіні айтылып, белгіленген кесте бойынша келу ұсынылған. Оны бірден реанимацияға жеткізген.
16 желтоқсанда дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалаған болатын.
Қазіргі уақытта полиция «Өзін-өзі өлтіруге жеткізу» бабы бойынша іс қозғады.