Танымал қазақстандық әнші Мәдина Сәдуақасова имиджін түбегейлі өзгертіп, жанкүйерлері арасында қызу пікірталас тудырды, деп хабарлайды CMN.KZ
46 жастағы өнер иесі жаңа образдарын Instagram желісінде жариялады. Әншінің айтуынша, енді оның сыртқы келбетімен жаңа стилист жұмыс істеп жатыр.
«Командамда жаңа стилист пайда болды. Ол Мәдина Сәдуақасованы осылай көреді. Бірден айтыңыздаршы, норм ма, әлде стрём ба? Мұндай образда жүруге әлі үйренуім керек, бірақ өзіме ұнап тұр», – деп жазды әнші.
Желі қолданушыларының бір бөлігі Мәдина Сәдуақасованы қолдап, оның батылдығы мен жаңаша көзқарасын жоғары бағалады. Ал кейбірі мұндай стильді кәсіби стилисттің көмегінсіз-ақ таңдауға болатынын айтып, сын пікірлер қалдырды.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз