28 жастағы португалдық «Ливерпуль» футболшысы Диогу Жота және оның 26 жастағы ағасы Андре «Пенафиел» ойыншысы 3 шілдеде таңертең Самора провинциясында (Испания) жол-көлік оқиғасында көз жұмды, деп хабарлайды CMN.KZ

Ағайындылар мінген көлік жолдан шығып, өртеніп кетті.

«Құтқару қызметіне қоңырау шалған куәгерлердің айтуынша, көлік толығымен жалынға оранған», – деп жазады Marca.

Диогу Жота 2020 жылы «Вулверхэмптон» командысынан 44,7 миллион еуроға «Ливерпуль» командасына көшті. Онда ол 182 матч өткізіп, 65 гол соғып, 26 пас берді. Ливерпульде ол үш титулды жеңіп алды: Премьер-Лига (2024-25 маусым), Англия Кубогы (2021-22) және Лига Кубогы (2021-22).

Share.
Leave A Reply

Exit mobile version