Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайға сайлау биыл тамыз айында өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды CMN.KZ
Оның айтуынша, жаңартылған Конституция күшіне енгеннен кейін бір палаталы Құрылтайға сайлау өткізу туралы тиісті жарлыққа қол қояды. Мемлекет басшысы бұл туралы алдын ала хабарлап отырғанын, саяси партиялар науқанға дайындалуы үшін қажет екенін атап өтті.
Осылайша, партияларға сайлаушылармен жұмыс жүргізіп, сайлауалды стратегиясын қалыптастыру үшін шамамен бес ай уақыт беріледі.
Президент алдағы сайлау елдің саяси жүйесіндегі ауқымды өзгерістердің бастамасы болатынын айтты. Бұл өзгерістер мемлекеттік институттармен қатар, қоғамды да қамтиды.
Сондай-ақ ол саяси және экономикалық реформалар қоғамдық санадағы өзгерістермен қатар жүруі тиіс екенін атап өтті. Онсыз тұрақты нәтижеға қол жеткізу қиын.
Құрылтай сайлауы Қазақстандағы жылдың басты саяси оқиғаларының бірі болады деп күтілуде.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз