Күн белсенділігінің деңгейі соңғы 3,5 жылдағы ең төмен көрсеткішке дейін төмендеді, деп хабарлайды CMN.KZ
Ғалымдардың түсіндіруінше, 1749 жылдан бері өлшеніп келе жатқан Күндегі дақтардың орташа айлық саны – Күн белсенділігінің негізгі көрсеткіші. 2026 жылдың алғашқы екі айында бұл көрсеткіш 78,2-ге дейін төмендеген.
«Бұл – 2022 жылдың тамызынан бергі ең төмен көрсеткіш. Ол кезде мәні 74,6 болған», – деп мәлімдеді Ресей ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институты жанындағы Күн астрономиясы зертханасының мамандары.
Одан кейінгі айларда бұл индекс жоғарырақ болған. Ал циклдің ең жоғары кезеңі 2024 жылдың тамызында тіркеліп, көрсеткіш 216-ға жеткен. Бұл соңғы 20 жылдағы ең жоғары деңгей саналады.
Қазір Күннің жаһандық белсенділігі ғалымдардың болжамынан әлдеқайда жылдам төмендеп жатыр.
Мамандардың айтуынша, дақтардың орташа айлық саны 80-нен төмен деңгейге тек 2027 жылдың ортасына қарай түсуі керек еді. Сондықтан ақпандағы күрт төмендеу әзірге кездейсоқ ауытқу ретінде қарастырылып отыр.
Ұқсас жағдай 2025 жылдың мамырында байқалған. Сол кезде көрсеткіш 78,5-ке дейін төмендеп, кейін қайтадан болжамды орташа деңгейге оралған.
Ал 2026 жылдың наурыз айының алғашқы 10 күніндегі орташа көрсеткіш 82-ні құрады. Бұл ақпан айындағы төмен деңгейге шамалас.
Соңғы апталардағы Күнді күнделікті бақылау да оның белсенділігі өте әлсіз екенін көрсетеді. Мамандардың айтуынша, Күнде жарқылдардың саны аз тіркеліп, белсенді процестер үшін қажетті энергия жеткіліксіз байқалады.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз