Қазақстандық әншілер Жазира Байырбекова мен Жанболат Ербатыровтың ұлы Қазбек 26 наурыз күні Алматыдағы сәнді мейрамханалардың бірінде үйленді, деп хабарлайды CMN.KZ
Салтанатты кешке шоу-бизнес өкілдері көп жиналды. Қонақтардың арасында ең көп назар аудартқан жұп – әнші Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдікәрімова болды.
Жұлдызды жұп тойда еркін жүріп, бірге түскен сәттерін жасырмады. Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желіде мерекеден бірнеше жазба жариялап, тойдың атмосферасымен бөлісті.
Желі қолданушылары да белсенді пікір білдірді: біреулер бес баланың анасына жылы лебіздерін жаудырса, енді бірі жұптың бірге жүргеніне қуанды.
Жалпы, Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың әрбір ортақ көрінісі көпшілік арасында қызу талқыланып келеді. Бұл жолы да Қазбектің тойы ерекше назардан тыс қалмады.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз