Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Мәжіліс кулуарында 2026 жылы зейнетақы мен жәрдемақылардың өсуі неге салыстырмалы түрде төмен болғанын түсіндірді, деп хабарлайды CMN.KZ
Сұраққа себеп – ең төменгі жәрдемақылар мен базалық зейнетақының небәрі 10%-ға өсуі. Инфляция аясында бұл шешім журналистер тарапынан сынға ұшырады.
Біржановтың айтуынша, келесі жылы әлеуметтік салаға бюджеттен 10,5 трлн теңге қарастырылған. Алайда төлемдерге қатысты тәсіл қатаң әрі атаулы болады.
«Қосымша әлеуметтік көмек көрсетіледі, бірақ ол міндетті түрде атаулы болуы тиіс. Біз кейбір теріс пайдалануларды көріп отырмыз – жалған мәмілелер, жалған ажырасулар бар. Өкінішке қарай, мұндай фактілер аз емес», – деді вице-министр.
Ол қазір мұндай схемалар анықталып жатқанын және сол жағдайлар бойынша төлемдер қысқартылатынын атап өтті.
«Бұл қаражатты шын мәнінде көмекке мұқтаж адамдарға бағыттауға мүмкіндік береді», – деп қосты Ержан Біржанов.
Ал зейнетақыны одан әрі арттыру мәселесіне қатысты вице-министр түсініктеме бермеді.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз