Көктемде қай өңірлерді су басуы мүмкін – министрлік тәуекел аймақтарын атады

Паводки 2025: как к ним готовятся и ждать ли повторения трагедии?
Коллаж CMN.KZ

Бірқатар өңір осы көктемде су басу қаупі бар аймақта қалып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ібрайханов мәлімдеді, деп хабарлайды CMN.KZ.

«Қазгидромет» дерегіне сәйкес, тәуекел аймағында:

– Ақмола облысы;
– Қарағанды облысы;
– Солтүстік Қазақстан облысы;
– Батыс Қазақстан облысы бар.

Наурыздың алғашқы онкүндігінде ведомство нақтылаған болжам ұсынады. Соған сәйкес қажет болған жағдайда су қоймаларының жұмыс режимі түзетіледі.

Журналистер трансшекаралық өзендер бойынша көрші елдермен су жіберуді үйлестіру мәселесі шешілген-шешілмегенін сұрады. 2024 жылы ірі тасқындардың басым бөлігі Ресей аумағынан келген болатын.

Вице-министрдің айтуынша, тиісті келісімдер бар.

«Иә, мұндай келісімдер бар. 2024 жылы тасқындар негізінен Ресей жағынан келді. 2025 жылы арнайы жұмыс тобы құрылып, Қазақстан мен Ресей аумағындағы су қоймаларының жұмыс режимі келісіліп отыр. Барлығы синхронды түрде жүзеге асады. Кем дегенде 2024 жылғыдай тасқындар болмайды», – деді Ібрайханов.

Министрлік өкілдері әрі қарайғы шешімдер жаңартылған гидрологиялық деректерге сүйене отырып қабылданатынын атап өтті.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска