Көкпардан кейінгі жанжал: Түркістан облысында жігітті топ болып соққыға жыққан

избиение толпой
Фото: кадр из видео

Оңтүстік өңірде жас жігіттің қатыгездікпен соққыға жығылуына байланысты жанжал күшейіп жатыр, деп хабарлайды CMN.KZ

Әлеуметтік желілерде бірнеше ондаған адам бір жігітке шабуыл жасағаны туралы бейнежазбалар мен хабарламалар тарады. Туыстарының айтуынша, ол жансақтау бөліміне түскен, ал шабуыл жасағандар әлі күнге дейін жауапқа тартылмаған.

Жақындарының сөзінше, жанжал күндіз Сайрам ауданында көкпар ойыны кезінде басталған. Кешке жәбірленушіні мектептердің бірінің маңына «сөйлесуге» шақырған. Ол жерде оны бір топ адам күтіп тұрған.

Туыстарының мәлімдеуінше, жігіт есінен танып қалғанша соққыға жығылған. Одан кейін оны елді мекеннен тыс жерге апарып, иен далаға тастап кеткен. Екі сағаттан кейін ғана табылған.

Жас жігіт шамамен бір апта жансақтау бөлімінде жатқан. Қазір жағдайы тұрақталған, жалпы палатаға ауыстырылған. Алайда жақындарының айтуынша, ол әлі толық сөйлей алмайды және тергеуге толыққанды жауап бере алмай отыр.

Отбасы кінәлілер жауапкершілікке тартылмағанын алға тартуда.

Түркістан облысының Полиция департаменті 7 ақпанда Сайрам ауданының тұрғыны дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шыққан.

Полиция мәліметінше, жанжалға қатысушылар мен куәгерлердің барлығы анықталған. Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Екі жергілікті тұрғын ұсталып, сот оларды үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдаған.

Полиция тергеу амалдары жалғасып жатқанын және туыстарының уәждері мұқият тексерілетінін мәлімдеді. Оқиғаның барлық мән-жайы тергеу аясында анықталуда.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска