Айтарлықтай оптимизм жоқ: қазақстандықтар қазіргі және болашақтағы баға туралы не ойлайды?

Продукты, цены, ананас, яйца, хлеб
Коллаж CMN.KZ

10 ақпанда Ұлттық банк қазақстандықтардың инфляцияға қатысты дәстүрлі сауалнамасының нәтижелерін жариялады. Бұл жолғы зерттеу ерекше назар аудартады, себебі ол тұрғындардың қазіргі бағалар мен өткен жылдың басындағы жағдайды қалай бағалағанын салыстырып көруге мүмкіндік береді. CMN.KZ тілшісі сауалнама деректерін зерделеп шықты.

Ұлттық банк инфляциялық күтулерге қатысты сауалнаманы ай сайын жариялап отырады. Нәтижелерге сенім артуға болады, себебі зерттеуге барлық облыс орталықтары мен мегаполистерден 1500 адам қатысады. Бұл – социологиялық сауалнамалар үшін қалыпты стандарт.

Ұлттық банк жариялаған кестеге сәйкес, сауалнамалар 2016 жылдан бері жүргізіліп келеді. Алайда 2026 жылдың қаңтарындағы зерттеу ерекше саналады, өйткені бұл – елде жаңа ҚҚС енгізілген алғашқы ай.

Айта кетейік, егер жауап нұсқалары ұқсас болса, біз оларды біріктірдік. Мысалы, «бағалар әдеттегіден көп өсті», «бағалар сол деңгейде өсті», «бағалар сәл өсті» деген жауаптарды «бағалар өсті» деп біріктірдік. Бағалар төмендеді деген жауаптарға да осы тәсілді қолдандық.

Сұрақтар көп болғанымен, біз барлығын қамтыған жоқпыз. Біріншіден, 2026 жылдың қаңтары көрсетілмеген деректерді қоспадық. Екіншіден, көп жағдайда қазақстандықтардың бағаны бір ай емес, бір жыл ішіндегі өзгеріс тұрғысынан қалай бағалағанын салыстырдық. Үшіншіден, «жауап беруге қиналамын» деген бағанды сирек алдық.

Қаңтардағы салыстыру: ҚҚС-қа дейін және кейін

Алдымен екі қаңтарды салыстырдық – ҚҚС көтерілгенге дейінгі және кейінгі кезең. Айырмашылық аса үлкен емес.

2025 жылдың қаңтарында бағаның бір айда өскенін респонденттердің 88,6%-ы айтса, 2026 жылдың қаңтарында бұл көрсеткіш 89,6% болды. Яғни небәрі 1%-ға артқан.

Бағалар төмендеді дегендер де аздап көбейген: 2025 жылы – 0,8%, 2026 жылы – 1,2%.

Бір жыл ішіндегі баға өсімі

Едәуір қызық нәтиже – соңғы 12 айдағы баға өсімі туралы жауаптар.

Бағалар төмендеді дегендер өзгермеген – 1,2%. Ал баға өсті дегендердің үлесі айтарлықтай артқан:

  • 2025 жылғы қаңтар – 92,2%;

  • 2025 жылғы шілде – 93,1%;

  • 2026 жылғы қаңтар – 95,6%.

Яғни бір жылда 3,4%-ға өскен. Бұрын «ештеңе өзгерген жоқ» дегендердің бір бөлігі енді баға өсті деп есептей бастаған сияқты.

«Ештеңе өзгерген жоқ» дегендер:

  • 2025 жылғы қаңтар – 3,3%;

  • 2025 жылғы шілде – 2,7%;

  • 2026 жылғы қаңтар – 1,1%.

Баға қанша пайызға өсті?

2025 жылдың қаңтарында ең танымал жауап – 7–10% (22,7%).

Ал 2025 жылдың шілдесінде және 2026 жылдың қаңтарында респонденттер көбіне «20%-дан жоғары» деп жауап берген.

  • 2025 жылғы шілде – 24,4%;

  • 2026 жылғы қаңтар – 21,9%.

Дегенмен 7–10% деген жауап та аз емес – 21,3%.

продукты
pixabay

Алдағы 12 айға болжам

Баға өседі деп күтетіндердің үлесі:

  • 2025 жылғы қаңтар – 86,4%;

  • 2025 жылғы шілде – 85,5%;

  • 2026 жылғы қаңтар – 86,6%.

Баға төмендейді дегендер:

  • 2025 жылғы қаңтар – 2,9%;

  • 2025 жылғы шілде – 1%;

  • 2026 жылғы қаңтар – 1%.

Баға өзгермейді дегендер:

  • 2025 жылғы қаңтар – 3,6%;

  • 2025 жылғы шілде – 5,2%;

  • 2026 жылғы қаңтар – 2,4%.

Материалдық жағдай туралы пікір

Материалдық жағдайы жақсарды дегендер:

  • 2025 жылғы қаңтар – 21,3%;

  • 2025 жылғы шілде – 16,5%;

  • 2026 жылғы қаңтар – 14%.

Едәуір нашарлады дегендер:

  • 2025 жылғы қаңтар – 26,1%;

  • 2025 жылғы шілде – 28,4%;

  • 2026 жылғы қаңтар – 29,1%.

Еш өзгеріс болмады дегендер 48,1%-дан 50,7%-ға дейін артқан.

Ал болашақтағы материалдық жағдайына қатысты оптимизм айтарлықтай азайған:

  • 2025 жылғы қаңтар – 36,6%;

  • 2025 жылғы шілде – 31,5%;

  • 2026 жылғы қаңтар – 26,6%.

Яғни 10%-ға жуық адам жағдайының жақсаратынына сенімін жоғалтқан.

Жағдай нашарлайды деп күтетіндер 13,7%-дан 18,8%-ға дейін өскен.

Экономикалық күтулер

Ал алдағы 12 айды экономикалық тұрғыдан қалай бағалайды?

В октябре курс тенге укрепился на 3,5%: в Нацбанке рассказали о валютном рынке
Фото: Freepik

Позитивті бағалағандар:

  • 2025 жылғы қаңтар – 34,5%;

  • 2026 жылғы қаңтар – 37,2%.

Негативті бағалағандар:

  • 2025 жылғы қаңтар – 25,7%;

  • 2026 жылғы қаңтар – 23,2%.

Яғни ел экономикасының болашағына сенетіндер саны әлі де басым.

Бейтарап көзқарастағылар 27,4% (2025 жылы – 25,3%).

Жалпы алғанда, баға өсімі мен жеке табысқа қатысты көңіл-күй пессимистік сипатта болғанымен, ел экономикасының болашағына сенім сақталып отыр.

Айта кетейік, 10 ақпанда Ұлттық банк инфляцияны тежеу жоспарын таныстырды. Кеңейтілген үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов инфляциялық қысымды төмендету үшін қатаң бюджеттік тәртіп пен тұтынушылық сұранысты мұқият реттеу қажет екенін мәлімдеді.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска