«Қазтеміртранс» АҚ Алматы филиалының директоры Ақылбек Базеновтің ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жариялады, деп хабарлайды CMN.KZ
Компанияда құқық қорғау органдары тергеу шараларын жүргізіп жатқанын растады.
«Компания уәкілетті органдарға жан-жақты қолдау көрсетіп, жүргізіліп жатқан тергеу аясында барлық қажетті ақпарат пен құжаттарды ұсынуда», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ «Қазтеміртранс» АҚ қолда бар мәліметтерге сәйкес, Базеновтің мемлекеттік сатып алуларда жеңіске жетуге жәрдемдескені үшін ірі көлемде заңсыз сыйақы алды деген ақпарат күмән тудыратынын атап өтті.
«Қазіргі уақытта »Қазтеміртранс« АҚ мен күзет ұйымдары арасында аталған қызметтер бойынша келісімшарт жасау рәсімдері толық аяқталған», – деп түсіндірді компания.
Анықтама үшін: қоғамның күзет қызметтеріне арналған жалпы бюджеті шамамен 200 млн теңгені құрайды. Ал Алматы филиалы бойынша өндірістік базаларды күзетуге биыл 9 млн теңгеден астам қаражат бөлінген. Компания мәліметінше, бұл сома осы бағыттағы «қамқорлық» үшін берілді деген пара көлемі туралы тараған ақпараттан бірнеше есе аз.
«Біз заңдылық, ашықтық және кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділік қағидатын ұстанамыз. Егер заң бұзушылық фактілері расталса, заңда көзделген барлық шаралар қабылданады», – деп қосты қоғам.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз