Синоптиктердің бағалауынша, Қазақстанның бес облысы су тасқыны қаупі жоғары аймақта тұр, деп хабарлайды CMN.KZ. Бұл туралы Қазгидромет мәлімдеді.
Бағалау кезінде мамандар күзгі және қысқы кезеңде түскен қар мен жауын-шашын көлемін, жердің қату тереңдігін, сондай-ақ ақпан–наурыз айларына арналған ауа райы болжамын ескерген. Көктемгі жылыну қардың тез еруіне әсер етуі мүмкін.
«Жекелеген биік таулы аймақтарда жауын-шашын мөлшері 150 мм-ден асып, топырақтың шамадан тыс ылғалданғанын көрсетті. Басқа өңірлерде ылғал мөлшері нормаға жақын немесе төмен, ең аз көрсеткіштер 25 мм-ден кем. Топырақтың қату тереңдігі кей жерлерде 127–160 см-ге дейін жетеді, ал басқа аумақтарда шамамен 128–140 см», – деп хабарлады “Қазгидромет”.
Осы деректердің негізінде синоптиктер су тасқыны қаупі бойынша үш тәуекел тобын анықтады.
Жоғары қауіп
-
Ақмола облысы;
-
Солтүстік Қазақстан облысы;
-
Қарағанды облысы;
-
Шығыс Қазақстан облысы;
-
Абай облысы.
Орташа қауіп
-
Қостанай облысы;
-
Павлодар облысы;
-
Батыс Қазақстан облысы;
-
Ақтөбе облысы;
-
Түркістан облысы;
-
Алматы облысы;
-
Ұлытау облысы;
-
Жетісу облысы.
Төмен қауіп
-
Атырау облысы;
-
Маңғыстау облысы;
-
Қызылорда облысы;
-
Жамбыл облысы.
Мамандардың айтуынша, бұл болжам алдын ала жасалған. Көрсеткіштер көктем жақындаған сайын, қардың еру жылдамдығы мен өзендердегі су деңгейі айқын болған кезде нақтыланады.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз