Әңгіме конькимен жүгіруші Евгений Кошкин мен үлкен трамплиннен шаңғымен секіруде көзге түскен Илья Мизерных туралы болып отыр, деп хабарлайды CMN.KZ.
14 ақпанда XXV қысқы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіру спорты бойынша ең қысқа – 500 метр қашықтықтағы жеңімпаздар анықталды.
Әлемдегі ең жылдам үш спортшының қатарына кіретін қазақстандық Евгений Кошкин бұл қашықтықты 34,56 секундта еңсерді.
Жүлдегерлер тізімі:
-
Джордан Штольц (АҚШ) – 33,77 секунд (олимпиадалық рекорд жаңартты)
-
Эннинг Де Бо (Нидерланд) – 33,88 секунд
-
Лоран Дюбрёй (Канада) – 34,26 секунд
9-орын – Евгений Кошкин – 34,56 секунд
Айта кетейік, 2025 жылы АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өткен Әлем кубогының алғашқы кезеңінде Евгений Кошкин 500 метрді 33,67 секундта жүгіріп өтіп, тарихтағы үшінші нәтижені көрсеткен еді. Осы жетістігінің арқасында ол Миландағы Олимпиадаға тікелей жолдама алған.
Бүгін, 15 ақпанда, 19 жастағы Илья Мизерных шаңғымен трамплиннен секіруде Қазақстан тарихындағы ең үздік нәтижені көрсетті.
Италиядағы Валь-ди-Фьемме кластерінде өткен финалда Илья Мизерных пен Данил Васильев өнер көрсетті. Мизерных іріктеу кезеңінің өзінде көпшілікті таңғалдырды – ол ТОП-10 қатарына ене алды.
2024 жылы Канвонда өткен жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы Илья Мизерных іріктеу кезеңінде ең алыс секіруді орындап, 140,5 метр нәтижесін тіркеді.
Жарыс жүлдегерлері:
1-орын – Домен Превц (Словения) – 301,8 ұпай
2-орын – Рен Никайдо (Жапония) – 295,0 ұпай
3-орын – Кацпер Томасяк (Польша) – 291,2 ұпай
8-орын – Илья Мизерных – 281,6 ұпай
27-орын – Данил Васильев – 235,9 ұпай
Жарыс барысында Илья Мизерных Олимпиада чемпионы Филипп Реймонд (Германия), Йоханн Андре Форфанг (Норвегия) және Андреас Веллингер (Германия) сынды фавориттерді артта қалдырды.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз