Қазақстаннан сиыр етін шығаруға қойылған шектеулер тағы жарты жылға ұзартылды

Чиновники заметили рост цен на мясо после критики Токаева
Фото @cmn.kz

Қазақстаннан сиыр етін экспорттауға енгізілген шектеулер 2026 жылдың 30 маусымына дейін ұзартылды. Экспорттық квотаның жалпы көлемі 20 мың тоннаны құрайды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінде мәлімдеді, деп хабарлайды CMN.KZ

Тиісті бұйрыққа ведомство басшысы Айдарбек Сапаров қол қойған.

Шектеулер үшінші елдерге экспортқа да, сондай-ақ ЕАЭО аясындағы жеткізілімдерге де қатысты.

Министрліктің мәліметінше, квота көлемі бордақылау алаңының қуатына байланысты белгіленеді:

  • 5 000 басқа дейін – 1 000 тонна;

  • 10 000 бас – 2 000 тонна;

  • 15 000 бас – 3 000 тонна;

  • 20 000 бас – 4 000 тонна;

  • 50 000 бас – 10 000 тонна.

Еске салайық, желтоқсан айының ортасында сиыр етін экспорттауға уақытша шектеулер енгізілген болатын. Үкімет бұл шаралар ішкі нарықтағы жағдайды тұрақтандырып, бағаның өсуін тежеуге көмектеседі деп үміттенген. Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, қабылданған шаралар әкімшілік сипатқа ие және ұзақ мерзімге есептелмеген, алайда қысқа уақытта нәтиже беруге қабілетті.

Сонымен қатар Ұлттық статистика бюросының 2025 жылдың үшінші тоқсанына арналған деректеріне сәйкес, Қазақстандағы ең көп ет тұтынатын өңірлер – Алматы қаласы, сондай-ақ Жетісу облысы, Қарағанды және Ақмола облыстары.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска