Қазақстанның Көлік министрлігінде Таяу Шығыс елдеріндегі жағдайға байланысты Жедел штабтың отырысы өтті, деп хабарлайды CMN.KZ.
Штаб құрамына Азаматтық авиация комитеті, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ, «Қазаэронавигация» РМК, сондай-ақ Air Astana, Fly Arystan, SCAT және VietJet Kazakhstan әуе компанияларының өкілдері кірді.
Министрлік мәліметінше, отырыста өңірдегі ахуал, рейстердің тоқтатылуына байланысты жолаушыларды қолдау шаралары және қазақстандықтарды елге қайтару жоспары талқыланған. Қайтару рейстері баламалы әрі қауіпсіз бағыттар арқылы орындалуы мүмкін.
Қазір мына мемлекеттердің әуе кеңістігі жабық немесе тұрақсыз:
- Иран;
- Израиль;
- БАӘ;
- Бахрейн;
- Кувейт;
- Иордания;
- Сауд Арабиясы;
- Катар;
- Оман;
- Ирак;
- Ливан.
Осыған байланысты 28 ақпанда аталған елдерден Қазақстанға бағытталған 14 рейс, ал 1 наурызда 12 рейс тоқтатылған. 2 наурызға Таяу Шығыс елдерінен 13 рейс жоспарланған.
Әуе компаниялары әуе кеңістігі ашылған жағдайда қайтару рейстерін орындау үшін ұшақтар бөлуге дайын екенін білдірді. Әрі қарайғы іс-қимылдар Қазақстанның Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп үйлестіріледі.
Жолаушыларға көмек көрсету мақсатында «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ базасында тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталық ашылған:
- +7 (717-27) 7-98-21
- +7 (717-27) 9-82-13
- +7 (717-27) 9-82-14
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз