Жамбыл облысында ірі алаяқтық жасады деген күдікпен ерлі-зайыпты ұсталды, деп хабарлайды CMN.KZ
Бұған дейін олар халықаралық іздеуге жарияланған. Алайда белгілі болғандай, күдіктілер Қазақстаннан шықпай, таныстарының үйінде жасырынып жүрген.
ІІМ мәліметінше, 40 жастағы ер адам мен оның 45 жастағы жұбайы азаматтардың сеніміне кіріп, ақшаларын алдап алған.
«Қылмыстық отбасының» құрбандары Астана мен Семей тұрғындары болған. Жалпы келтірілген шығын 200 млн теңгені құрайды.
«Жедел-іздестіру шаралары барысында іздеуде жүргендердің Жамбыл облысындағы елді мекендердің бірінде таныстарының үйінде ұзақ уақыт бойы жасырынғаны анықталды. Қазіргі уақытта ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады ІІМ.
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз