Қазақстандық әуе компаниялары Иран аумағы арқылы ұшудан бас тартты

Иран и Казахстан
Фото: сенат

Бұл туралы жолаушыларға Air Astana мен FlyArystan әуе компаниялары ескертті, деп хабарлайды CMN.KZ

Мұның себебі – Иран Ислам Республикасының әуе кеңістігінің жабылуы.

Air Astana компаниясында бұл шешім Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Медина бағыттарына қатынайтын рейстерге әсер етеді. Ал FlyArystan-да Атырау – Доха және Ақтау – Дубай бағыттары бойынша өзгерістер енгізіледі.

«Жолаушылардан рейстердің мәртебесін алдын ала тексеруді сұраймыз, себебі ұшу және қону уақыттарына өзгерістер енгізілуі мүмкін», – деп ескертті әуе тасымалдаушылары.

Бұған дейін Иранда жалғасып жатқан наразылықтар аясында АҚШ президенті Дональд Трамп ислам республикасымен сауда жасайтын елдерге 25 пайыздық баж салығын енгізген болатын. Айта кетейік, Иран Қазақстанның, әсіресе астық сатып алу саласындағы, іскерлік серіктестерінің бірі саналады.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска