Қазақстанды Миланда өтетін қысқы Олимпиадада қай өңірлердің спортшылары таныстырады

милан
Фото:

Қысқы Олимпиада ойындары Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Байрақты бәсекеге 93 елден 3 500-ден астам спортшы қатысады, деп хабарлайды CMN.KZ

Спорт министрлігінде атап өткендей, Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде қысқы Олимпиадаға тоғызыншы рет қатысады.

«Италияда өтетін ойындарда ұлттық құраманың сапында еліміздің атынан барлығы 36 спортшы өнер көрсетеді. Оның 18-і – ерлер, 18-і – әйелдер», – деп мәлімдеді ведомствода.

Салыстыру үшін айта кетсек, төрт жыл бұрын Пекинде өткен қысқы Олимпиадаға Қазақстан атынан 34 спортшы қатысқан болатын.

Бұл жолы ұлттық құраманың басым бөлігі Алматы қаласынан барады. Атап айтқанда, бұл қаладан бес спорт түрі бойынша жеті спортшы қатысады.

Ақмола облысынан екі спорт түрі бойынша алты спортшы іріктелген.

Сондай-ақ құрамға Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Алматы, Қарағанды, Абай және Қостанай облыстарының, сондай-ақ Астана мен Шымкент қалаларының спортшылары енді.

XXV қысқы Олимпиада ойындары 6–22 ақпан аралығында өтеді.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска