Қазақстандағы маңызды нысандар бір сағатқа жарықсыз қалады

космос/планета Земля
Фото freepik.com

28 наурыз күні Қазақстан «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясына қайта қосылады, деп хабарлайды CMN.KZ

Дәл 20:30-да ел бойынша үйлерде, кеңселерде және көшелерде бір сағатқа жарық сөндіріледі.

Экология министрлігінің мәліметінше, бұл акция жыл сайын Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF)бастамасымен өткізіледі.

«Акция аясында WWF адамдарды планетаның болашағына бейжай қарамайтынын көрсету үшін бір сағатқа жарық пен тұрмыстық құрылғыларды өшіруге шақырады. Осы уақытта әлемдегі ең танымал ғимараттар мен ескерткіштердің жарығы да сөнеді», – делінген хабарламада.

Қазақстан бұл бастамаға 17-рет қатысып отыр.

Акцияға қосылатын маңызды нысандар қатарында:

  • «Бәйтерек» монументі;
  • «Астана Опера» театры;
  • Әзірет Сұлтан мешіті;
  • Тәуелсіздік сарайы;
  • «Астана Арена» стадионы;
  • «Алау» мұз сарайы;
  • «Қазақстан» қонақүйі;
  • әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.

Алматыда да ондаған сауда орталығы мен коммерциялық нысан акцияға қатысады.

Жалпы алғанда, акцияға елдің барлық өңірлері дерлік қосылады. Қазақстан бойынша бір сағатқа 508 нысанда жарық өшіріледі – әкімшілік ғимараттардан бастап өндірістік кәсіпорындар мен әлеуметтік мекемелерге дейін.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска