Қазақстандағы әуе компанияларының бірі тегін қол жүгінің нормасын арттырады

Не пустили на борт самолета: сотрудникам Air Astana не понравилось поведение пассажирки
Фото @cmn.kz

Қазақстандық лоукостер FlyArystan жолаушылар үшін тегін қол жүгінің салмағын арттыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы авиакомпанияның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды CMN.KZ

Жаңа ережеге сәйкес, 2026 жылғы 1 наурыздан бастап жолаушылар ұшақ салонына тегін алып кіре алатын қол жүгінің салмағы 5 келіден 7 келіге дейін ұлғайтылады. Бұл ретте қол жүгінің өлшемдері өзгеріссіз қалады – 56×23×36 см.

Авиакомпания өкілдері жаңа талаптар көрсетілген күннен кейін орындалатын барлық рейстерге, билет қашан сатып алынғанына қарамастан, қолданылатынын атап өтті.

«FlyArystan one-piece concept қағидатын сақтайды. Яғни, жолаушыға белгіленген салмақ пен габарит талаптарына сай келетін бір ғана қол жүгін алып жүруге рұқсат етіледі», – деп түсіндірді компанияда.

Сондай-ақ лоукостердің мәліметінше, 2024–2025 жылдары жолаушылардың төрттен үші сапарға тек ең аз қол жүгімен шыққан.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска