Қазақстанда жемқорлар кейбір сайлау құқықтарынан айырылуы мүмкін

Взятка в 10 млн тенге: дело замакима района в СКО передали в суд
Фото: Canva

Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар адамдарды сайлауларға және саясатқа қатысудан біржола шеттету ұсынылды. Мұндай бастама Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның екінші отырысында айтылды, деп хабарлайды CMN.KZ

Бұл ұсыныспен сенат депутаты Нұрлан Бекназаров шықты. Оның айтуынша, сайлаулар мен референдумдарға қатысу құқығы сот арқылы әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтарға, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдарға қолданылмауы тиіс.

Сыбайлас жемқорлық мәселесіне ерекше назар аударылды. Ұсынылып отырған нормаға сәйкес, сайлану құқығынан айырылуы тиіс:

  • соттылығы алынбаған немесе өтелмеген азаматтар;

  • сыбайлас жемқорлық қылмысы немесе құқық бұзушылық жасағаны сот арқылы анықталған тұлғалар.

«Сыбайлас жемқорлық қылмыстары немесе құқық бұзушылықтары үшін кінәлі деп танылған азаматтардың сайлану құқығы болмауы керек», – деп атап өтті сенатор.

Сонымен қатар Конституцияда Құрылтай депутатының мандатынан мерзімінен бұрын айыру негіздерін бекіту ұсынылды. Олардың қатарына: тұрақты тұру үшін шетелге көшу, Қазақстан азаматтығынан айырылу, соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуі, депутат сайланған партиядан шығу немесе шығарылу, сондай-ақ сол партияның қызметін тоқтатуы кіреді.

Бекназаровтың пікірінше, мұндай шаралар қоғамның сұранысына сай келеді және билікке ұмтылатындар үшін сүзгі қызметін атқарып, саяси жауапкершілік пен беделге қойылатын талаптарды күшейтеді.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска