Қазақстанда жалға берілетін тұрғын үй бағасының біртіндеп төмендеу үрдісі байқала бастады, деп хабарлайды CMN.KZ
Жылжымайтын мүлік сарапшыларының айтуынша, бұл тренд 2025 жылдың қаңтар айынан бастап қалыптаса бастаған. Мамандар дерегіне сүйенсек, жыл басынан бергі үш айда 19 қаланың 9-ында жалдау ақысы төмендеген.
Ең айқын төмендеу:
- Қостанайда – орта есеппен 5,1%;
- Алматы мен Шымкентте – шамамен 4%;
- Павлодарда – 3,5%.
Сонымен қатар бірқатар қалаларда баға шамамен 2%-ға арзандаған:
- Астана
- Атырау
- Орал
- Көкшетау
- Тараз
Ал кей қалаларда керісінше, баға 1–1,7% аралығында өскен:
- Ақтау
- Ақтөбе
- Қарағанды
- Өскемен
- Талдықорған
Бағалар өзгеріссіз қалған қалалар:
- Петропавл
- Қонаев
- Семей
- Түркістан
- Қызылорда
Жалпы алғанда, Қазақстан бойынша жалға берілетін тұрғын үйдің орташа құны бір шаршы метрге 3389 теңгені құрайды.
Сарапшылардың пікірінше, бұл үрдіс нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың өзгеруіне байланысты қалыптасып отыр.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз