Қазақстанда референдумға арналған барлық 10 388 дауыс беру учаскесі ашылды, деп хабарлайды CMN.KZ
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, комиссиялар ұсынған деректерге сәйкес, таңғы сағат жетіге қарай елдегі барлық учаске жұмысын бастаған.
Олардың 92-сінде аумақтық комиссиялардың шешіміне сәйкес дауыс беру таңғы сағат алтыдан басталды.
«Сайлаушылар тізіміне 12 461 796 азамат енгізілген. Сонымен қатар азаматтардың жазбаша өтініштері негізінде учаскелік комиссиялар 17 514 дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін берді», – деп хабарлады ОСК.
Айта кетейік, Қазақстан бойынша 10 388 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп жатыр. Оның ішінде шетелдегі Қазақстан өкілдіктері жанында 54 елде 71 учаске ашылған.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз