Қазақстанда несие беру ережелері қатаңдатылды

кредиты
Polisia.kz

Қазақстанда 19 наурыздан бастап тұтынушылық несие беруге қатысты жаңа талаптар күшіне енді, деп хабарлайды CMN.KZ

Өзгерістер қарыз жүктемесінің тәуекелдерін азайтуға және қарыз алушыларды қорғауды күшейтуге бағытталған.

Жаңа нормаларға сәйкес, енді банктер 30 күннен асқан берешегі бар азаматтарға несие беруден бас тартады. Бұған дейін бұл шек 90 күн болған. Яғни, тіпті қысқа мерзімді кешіктірудің өзі жаңа несие алуға кедергі болуы мүмкін.

Сонымен қатар несиені қашықтан рәсімдеу мүмкіндіктері кеңейтілді. Енді қарыз алушылар сомасына қарамастан онлайн несие ала алады. Алайда міндетті шарт – биометриялық сәйкестендіру. Яғни, тұлғаны бет-әлпетті тану арқылы растау қажет.

Бұдан бөлек, қаржы ұйымдарына күмәнді операцияларға жедел әрекет ету талабы қойылды:

  • клиентті ықтимал бұзушылық туралы 1 күн ішінде хабарлау;

  • мәселені 2 күн ішінде жою;

  • барлық салдарын 10 күн ішінде толық жою.

Бұл өзгерістер азаматтардың келісімінсіз рәсімделетін несиелер сияқты алаяқтық схемалармен күресу қажеттілігіне байланысты енгізілді.

Жаңа талаптар қарыз алушылардың қаржылық тәртібін күшейтіп, несие беру қауіпсіздігін арттырады деп күтілуде.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска