Қазақстанда киік мүйіздерін контрабандалық жолмен тасымалдаумен айналысқан ірі қылмыстық арнаның жолы кесілді, деп хабарлайды CMN.KZ
Қылмыстық топтың алғашқы қатысушылары 2025 жылдың 29 тамызында Қарағанды облысында, ал екінші тобы желтоқсан айының соңында ұсталған.
Жаз айларында полиция киіктерді заңсыз аулап, олардың дериваттарын сату мақсатында әрекет еткен үш адамды анықтаған.
«Ұсталғандардан жалпы салмағы шамамен 400 келі болатын 1 127 киік мүйізі, сондай-ақ екі бірұңғылы аңшы мылтығы тәркіленді«, – деп хабарлады Ішкі істер министрлігінде.
Күдіктілердің байланыстары мен әрекеттерін тексеру барысында 2025 жылдың желтоқсанында Павлодар облысындағы Қазақстан–Ресей шекарасында тағы екі браконьер ұсталды. Олардың бірі – шетел азаматы.
Күдіктілер 1 882 киік мүйізін жүк көлігінің арнайы жасырын орнына тығып, шекара арқылы өткізбек болған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз