Қазақстанда есірткіге қарсы күрестің жаңа кешенді жоспары қабылданды

наручники арест
Фото: pixabay

Қазақстанда 2026–2028 жылдарға арналған есірткіге және есірткі бизнесіне қарсы күрестің жаңа Кешенді жоспары қабылданды. Құжат жеті бөлімнен, 106 тармақ пен 30 қосалқы тармақтан тұрады, деп хабарлайды CMN.KZ

Ішкі істер министрлігінде бұл жоспар қоғамдағы есірткіге тәуелділік деңгейін төмендетуге, жастарды қорғауға, есірткінің қолжетімділігін қысқартуға және ұйымдасқан есірткі арналарын жоюға бағытталғанын атап өтті.

Яғни, құжат есірткі қатеріне қарсы іс-қимылдың бүкіл циклін – алдын алу мен ерте анықтаудан бастап жедел әрекет етуге, цифрландыруға және халықаралық ынтымақтастыққа дейін қамтиды.

«Жоспар жаһандық және өңірлік есірткі ахуалының даму үрдістерін талдау, парламент депутаттарының, мемлекеттік органдардың ұсыныстары, сондай-ақ ведомствоаралық жүйелі өзара іс-қимыл нәтижелері негізінде әзірленді», – деп түсіндірді ІІМ-де.

Айта кетейік, Қазақстанда нашақорлықпен күресу үшін жасанды интеллект мүмкіндіктерін белсенді пайдалану ұсынылып отыр. Атап айтқанда, жасанды интеллект талдамалық және жедел қызметте қолданылатын болады.

Сонымен қатар есірткіге скрининг жүргізудің негіздері мен тәртібіне, қатар жүргізілетін қаржылық тергеулерге, криптовалютаны реттеуге және спайкингке қарсы іс-қимылға қатысты заңнамалық түзетулер енгізу көзделген. Сондай-ақ есірткі қылмыстарын анықтауда құқық қорғау органдарына көмектескен қазақстандықтарды ынталандыру шаралары да қарастырылған.

ІІМ қоғамдағы есірткіге тәуелділікті және жасөспірімдер арасындағы есірткі қылмыстарын тұрақты түрде азайтуға, есірткі мен заңсыз контенттің қолжетімділігін қысқартуға, сондай-ақ жойылған есірткі арналары мен ұйымдасқан қылмыстық топтардың санын арттыруға үміт артып отыр.

2025 жылға дейін қолданылған алдыңғы жоспардың қорытындысын шығара келе, министрлікте оның нақты нәтижелер бергенін атап өтті:

  • есірткі заттары мен прекурсорлар тізімі 31 жаңа түрмен толықты;

  • синтетикалық есірткіні тәркілеу көлемі үш есеге өсіп, 382 кг-нан 1,2 тоннаға жетті;

  • сот сараптамасы органдары заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіліп, сараптама жүргізу мерзімі бір тәулікке дейін қысқарды.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска