Қазақстанда дәрігерлер инсульт пен қатерлі ісікті анықтау үшін жасанды интеллект қолдана бастады

Женщина-врач в перчатках работает с голографической моделью человеческого тела в футуристической медицинской лаборатории
Фото: freepik

Қазақстанда медицина саласында жасанды интеллект технологияларын енгізу қарқынды жүріп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, мұндай шешімдер дәрігерлерге инсульт пен онкологиялық ауруларды тезірек анықтауға және медициналық суреттерді дәлірек талдауға көмектеседі, деп хабарлайды CMN.KZ

Инсультті анықтауға арналған «Cerebra» жүйесі қазір Қазақстандағы тоғыз инсульт орталығында қолданылып жатыр. Министрліктің айтуынша, бұл технология инсульт белгілерін ерте кезеңде анықтауға және емдеуді бастау туралы шешімді жылдам қабылдауға мүмкіндік береді.

«Технология инсульттің алғашқы белгілерін жедел анықтауға мүмкіндік береді. Бұл клиникалық шешімдерді жылдам қабылдап, емдеуді уақытында бастауға көмектеседі», – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Олардын мәліметінше, жүйе енгізілгеннен кейін тромболитикалық терапияны қолдану 40%-ға артқан. 2026 жылы жобаны 33 инсульт орталығына дейін кеңейту жоспарланып отыр.

Жасанды интеллект онкология саласында да қолданылуда. «WDSoft» компаниясының бағдарламалары радиологиялық суреттерді талдап, сүт безі мен өкпе қатерлі ісігін ерте кезеңде анықтауға көмектеседі.

Министрлік дерегінше, мұндай технологиялар енгізілгеннен кейін онкологиялық ауруларды анықтау деңгейі 32%-ға өскен, ал диагностика уақыты 40 минуттан 10 минутқа дейін қысқарған. Қазір жоба 12 өңірдегі 190 медициналық ұйымға енгізілген.

Ұқсас жүйелер стоматологияда да қолданылып жатыр. «Aidentis» бағдарламасы рентген суреттерін талдап, патологияларды анықтап, емдеу бойынша ұсыныстар береді. Министрлік мәліметінше, бір суретті өңдеу уақыты бір сағаттан бір минутқа дейін қысқарған.

Бұл шешімдердің барлығын Бірыңғай медициналық деректер қоймасына біріктіру жоспарланып отыр. Министрлік мұндай қадам медициналық ақпараттық жүйелерді біріктіріп, денсаулық сақтау саласын басқаруды жеңілдетеді деп есептейді.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска