Қазақстанда 2025 жылы дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды сатып алу барысында 70,5 млрд теңге үнемделді, деп хабарлайды CMN.KZ
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, мұндай нәтижеге сатып алу жүйесін тиімді басқару, логистиканы жаңарту және дәрілік препараттарды есепке алудың жаңа тәсілдерін енгізу арқылы қол жеткізілген. Үнемделген қаражат пациенттердің қосымша қажеттіліктеріне бағытталған.
«Сатып алуды тиімді басқару, логистикалық маршруттарды жаңғырту және дәрі-дәрмектерді жекелендірілген есепке алу жүйесін енгізу нәтижесінде 2023 жылдан бергі үнемдеу көлемі үш еседен астам өсті – 21,5 млрд теңгеден 70,5 млрд теңгеге дейін», – деп хабарлады министрлік.
Үнемдеу көлемі жыл сайын артып отырған. Мәселен, 2023 жылы ол 21,5 млрд теңгені құраса, 2024 жылы 50 млрд теңгеге жеткен, ал 2025 жылы 70,5 млрд теңгеге дейін өскен.
Сонымен қатар министрлік баға қалыптастыру жүйесіне жүргізілген реформадан кейін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясындағы дәрілердің шекті бағасы орта есеппен 15%-ға төмендегенін еске салды.
Ал көтерме және бөлшек сауда сегментінде баға орта есеппен 26%-ға арзандаған.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз