Қазақстанда блогер Қайсар Камзаға іздеу жарияланды

Кайсар Камза
Фото: instagram/qais_arr

Instagram желісінде 2,4 млн жазылушысы бар инфлюенсер Қайсар Камза Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің назарына ілікті, деп хабарлайды CMN.KZ.

Бұл ақпарат құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланған карточкадан белгілі болды.

Іздестіру ісі 2026 жылдың 10 қаңтарында тіркелген. Алайда блогердің нақты қандай іс бойынша іздеуге алынғаны әзірге белгісіз.

Кайсар Камза
Фото: qamqor.gov.kz

Бұған дейін Қазақстанның Ішкі істер министрлігі блогерлерді қаралым жинау үшін креативті арандатумен алмастырмауға және адамдарды әдепке жат әрекеттерге итермелемеуге шақырған болатын.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска